Қазақстанда жаңа жол белгісі пайда болмақ
Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне «Бейнебақылау жүргізілуде» деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда.
Қазіргі кезде ҚР ішкі істер министрлігі «Астана Innovations» компаниясымен бірге осы мәселені талқылауда.
«Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Қазіргі Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштер туралы белгілер әртүрлі. Біз ІІМ-мен бірлесе отырып, бірыңғай - «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгі ойластырудамыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі де, тәртіп бұзбауға тырысады, бұл тәртіп бұзушылықтың алдын алуға жақсы», - деді «Астана Innovations» басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов.
Оның айтуына қарағанда, ЖҚЕ-іне енгізуге жоспарланып отырған белгі жылдамдық өлшеу мен бейнебақылау камераларына бірыңғай болмақ.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, Астананың автожолдарына 694 бейнебақылау камералары, соның ішінде 53 жылдамдық өлшеуіш, тоқтау желісі мен қиылыстардағы «қызыл шамнан» өтуді тіркейтін 11 камера-интегро орнатылған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді