Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөрісі – мал. Бүгінде ауданда қорасында жүздеген, тіпті, мыңдаған қойы бар азаматтар қатары көбейіп келеді. Мүйізді ірі қара мен жылқы малы бойынша да өсім бар. Қазір ауданда 45290 мүйізді ірі қара, 260000 қой-ешкі, 13014 жылқы, 69 түйе қыстатылуда. Өткен жылы оларды қыстан күйлі әрі шығынсыз шығару үшін 161161 тонна шөп, 8000 тонна пішендеме, 13400 тонна сабан,16500 тонна сүрлем және 6 мың тоннадан астам жем әзірленген болатын. Таудағы және құмды аумақтағы 335 мал қыстауы күзде толық жөндеуден өтті. Әр қыстау басына 50-60 тоннадан шөп жеткізілді. Жиекқұм мен ортақұмда 64 құдық бар. Олар толықтай жұмыс істеп тұр. Қыстауларға баратын жолдарды қар басып қалатын кезде оларды аршу, қатынасты үзбеу үшін 48 доңғалақты және шынжыр табанды трактор, 21 жол талғамайтын қуатты автомашина бөлінген. Олар ауа райының кез келген қолайсыз сәттерінде малшыларға көмекке аттануға әзір. Ауданда эпизоотиялық жағдай да тұрақты. Мемлекет тарапынан биологиялық препараттар бөлініп, мал толық вакцинацияланды. Аса қауіпті ауруларға қарсы жүргізілген вакцинациялық жұмыстар да 100 пайызға орындалып отыр. Биыл қыс жылдағыға қарағанда біршама жайлы болып тұр. Сондықтан да малшылар жем-шөп үнемдеу мақсатында оларды күндіз бір мезгіл жайылымға шығаруда.
Садық БҰТАБАЕВ, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді