Православ христиан-дарының Рождество мерекесіне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Тараздағы орыс-православ шіркеуінде болды. Бекболат Серікбекұлы православ христиан өкілдері алдында сөз сөйлеп, оларды діни мейрамдарымен құттықтады. – Бүгін – Рождество мерекесі. Бұл мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні реніштер ұмытылып, көмекке зәру жандарға жәрдем көрсетіледі. Елімізде дінаралық татулыққа ерекше маңыз берілген. Сондықтан аталған мерекенің де маңызы үлкен. Елбасының көреген, дара саясатының арқасында мемлекетіміз сәт сайын дамып, қадамын нық басып келеді. Еліміздің, өңіріміздің өркендеуіне православ христиан өкілдерінің де қосып отырған үлесі зор. Сіздерді облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің атынан құттықтап, жақсылық пен береке, амандық тілеймін. Тілектеріңіз қабыл болсын! – деді Б.Орынбеков. Мұнан соң орыс-православ шіркеуінің протериейі Юрий Власенко сөз сөйлеп, жиналғандарды Рождество мерекесімен құттықтап, православ христиан өкілдерінің қуанышына ортақтасқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке келушілер атынан алғысын білдірді. Сондай-ақ ол еліміздің өркендеуі ел Президентінің ерен еңбегі, сарабдал саясатымен жүзеге асып отырғанын, дінаралық татулықтың халықтар достығы мен ынтымағына зор ықпал ететінін айтты.
Есет Досалы
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




