Мехнат Теміртасқызы.
Бір құшақ құтын шашып далама дүр, Келер жыл, керім болар... қара да тұр! Ғасырдың тар құрсағын тепкілейді, Ашам деп дүние есігін Шарана жыл! Бұл жылы, жетім-жесір жыламасын. Жақсылық жалғастырсын күн арасын. Ешқандай жетім бала өткендерден, Шырылдап ата-анасын сұрамасын! Қазақтың қыздары арын сатпаса екен, Аз емес, кетіп жатыр жатқа да есем. Тулатып жатырынан шыққан сəби, Көрінген қоқыстарда жатпаса екен. Аталсын абыроймен аттары игі, Кейбірі туғанын да жатқа қиды. Жыл өтпей жабылса екен жабырқатпай, Қарттарым жағалаған... «Қарттар үйі». Ақ берен от-білекте тулағасын, Қатерге тікті кімдер тура басын. Қара ниет жау кіріп қонысыңа, «Елім!» деп, енді Қазақ шуламасын! Сен, Қазақ, қонақ келсе жəй табасың, «Ақ» құйып, дұшпанды да қайтарасың. Қырандай қияға ұя салған елім, Ешкім де тұнығыңды шайқамасын! Жаңа жыл болар деп сен... ғажабынан, Қысыр ой қырын өтсін Қазағымнан. Ас кетпей астауың мен табағыңнан, Ырысың ортаймасын қазаныңнан! Бір құшақ құтын шашып далама дүр, Келер жыл, керім болар... қара да тұр! Ғасырдың тар құрсағын тепкілейді, Ашам деп дүние есігін Шарана жыл!
Жаңатас қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




