Жаңа жылым, қош келдің!
Есет ДОСАЛЫ
Әлдилеп жатыр тәтті әнмен, Шаттыққа дала көшті кіл. Уақыт зымырап жатқанмен, Өкпем жоқ саған, ескі жыл!
Қаңтары келіп тоңдырған, Саябыр тартып желпініс. Адамды ойға шомдырған, Жаңа жыл – жаңа серпіліс!
Нұрланса көңіл Жаңамен, Баспасын алға іс қалай? Өркендеп жатсын бар әлем, Бір жылға бір жыл ұқсамай.
Қуанып жүрер кез келсін, Мұңаймаңдаршы, адамдар! Сілкініп сана өзгерсін, Өзгермей жалғыз календарь!
Сағаттай жылжып әр айлар, Оралмас сәттер тым ыстық. Алмасар ит пен торайлар, Әлемде болғай тыныштық.
Тұрамыз іздеп сені де, Шыршаны тойлап өскенмін. Ұлы Даланың көркем еліне, Жаңа жыл, төрлет, қош келдің!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




