Кеше Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің балаларға арналған жаңажылдық шыршасы өтті.
Елбасының мерекелік думанына өңірімізден 9 және 13 жас аралығындағы 200 жеткіншек қатысты. Оның 60-ы – жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар. Ал 76-сы көп балалы, 57-сі аз қамтылған отбасыдан шықса, 7 баланың мүмкіндігі шектеулі екен. Бірақ арқа сүйер елінің арқасында олардың ешқайсысы да мұқтаждық көріп отырған жоқ. Елбасының өзі оларды жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында арнайы құттықтап, Аяз ата сый-сияпаттарына қарық қылып тастайды. Биыл да солай болды.
– Бұл – жаңаруға жетелейтін, жаңа ғұмыр сыйлайтын ерекше мейрам. Осындай сәтте кез келген перзенттің ақжолтай тілеуі орындаларына сенемін. Өйткені баланың қуанышынан асқан ештеңе жоқ, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен экран байланысы арқылы балақайларға жүрекжарды лебізін білдіріп.
Балаларға шаттық сыйлаған бұл қуанышты жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов те қатысып, бүлдіршіндерге Президент атынан 100 мың теңгелік сыйлықтар: күртеше, планшет пен тәттілер тарту етті. Шыршаға қатысушы балақайлар мерекеге орай ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Президент шыршасына қатысқан Тараз қаласындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Азамат Сержанов пен Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылының Әзімбек Смайылұлы атындағы білім ошағының 3-сынып оқушысы Балжан Өктембай секілді оқу озаттарын сөзге тартқанымызда, олар аталған шарадан керемет әсер алғандарын, бұдан былай да тәртіпті де білімді болып, үздік оқитындықтарын жеткізді.
Альмира Омарова
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




