«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда филиал төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат іс-шараға қатысқан партияның ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерін мерекемен құттықтап, оның мән-маңызына тоқталды. – Бұл мереке – тәуелсіз әрі жас Отанымыздың заманауи тарихындағы ерекше күн. Біз бүгінде Елбасымыздың саяси келбетін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ұлт тәуелсіздігімен тығыз байланыстырамыз. Өйткені ол – кешегі кеңес одағының іргесі ыдыраған күрделі шақта елін өрге, халқын алға, ұрпағын мұратқа жетелеген кемеңгер қайраткер. 1991 жылы республикамыздың Тұңғыш Президенті болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаев – артта қалған осы жылдар белесінде ұлан-ғайыр далаға жаңа леп, жаңаша тыныс әкелген реформатор. Халықты жасайтын тарих болса, тарихты жасайтын жеке тұлға, – деген Шәбден Тоқтасынұлы мемлекетіміздің бүгінде қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Көпшіліктің қолдауына ие болып отырған партия құрылғаннан бергі 20 жылда «Нұр Отан» Төрағаның саяси серігіне айналғанын айтып өтті. Президенттің 5 қазанда жарық көрген Жолдауы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихи мақаласына тоқталып, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырып, Ұлт Көшбасшысының артқан сенімін ақтауға тырысып жүрген бірқатар нұротандықтардың есімдерін атады. Бұдан кейін филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов партияның белсенді мүшелерін, сондай-ақ «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын филиалдың Құрмет грамотасымен марапаттап, жаңадан мүшелікке қабылданған азаматтарға билеттер тапсырды. Жиынды қорытындылаған Ерқанат Нұрбапаұлы еліміз замана көшінен қалмай, алға батыл қадам жасай беруі тиісті екеніне тоқталып, нұротандықтарды Елбасы-Партия Төрағасының алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындауға шақырды. Тараз қаласы.
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді