Маңызды ұсыныстар назарға алынбақ
Елбасының жуырда ғана жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы көптің ойын дөп басып, көңілден шықты. Жарияланымда көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі отырыс өткізді. Кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиынды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов ашып, жүргізді.
Мәнді де маңызды ой-пікірлер ортаға салынған ауқымды шарада қатысушылар Елбасы мақаласында көтерілген тың жобаларды жүзеге асыру үшін абсент жылқысы туралы деректі фильм, анимациялық мультфильмдер сериясын түсіру, аң-құс атуға үш жылға мораторий жариялау, өнер мектебін ашу, Қарахан мен Айша бибі брендін қалыптастыру, ақындардың телеайтысын ұйымдастыру, облыстық мүшәйра жариялау сынды көптеген ұсыныстар айтты.
Алдағы уақытта бұл ұсыныстар нақтылана түсіп, назарға алынатын болды.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді