- Облыс баспасөзінің қара шаңырағы - «Aq jol» газеті келесі жылы 97-ге толады. Бұл — ғасырға жуық уақыт. Осынау ұзақ мерзім ішінде газет сан рет түлеп, жаңару жолдарынан өтті. Аты да бірнеше мәрте өзгерді. 1992 жылы Арғынбай Бекбосын ағамыз бас редактор болып тұрғанда «Ақ жол» болып өзгеріп, бүгінде оқырманына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мен сол Арағаңның тұсында, сол кісінің бұйрығымен газетке жұмысқа қабылданған едім. Сондықтан сіздерді газетіміздің ардагері, қадірлі ағамыз Арғынбай Бекбосынның жерлестері деп те қадір тұтамыз. Аудан білім саласы бойынша облыста алдыңғы орында, алфавит бойынша да тізімде көш басында тұр.
Г азетке жазылу барысында да бірінші орыннан көрінеді деп сенеміз.
«Aq jol»-дың бүгінгі бет-бейнесі өздеріңіздің көз алдарыңызда. Алдымен Елбасының сындарлы саясатын жүргізіп, Мемлекет басшысының бастамалары мен идеяларына қолдау білдіреміз. Елімізде, облыста болып жатқан елеулі жаңалықтарды да біздің басылымнан біліп, хабардар болып отырсыздар. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов барлық салаға, оның ішінде баспасөзге де зор қолдау танытып отыр.
«Aq jol» газетінде бірнеше арнайы бет бар. Оны өздеріңіз оқып жүрсіздер. Елімізге белгілі тұлғалармен әңгімелесіп «Бүкпесіз әңгіме» деген айдармен бір беттік үлкен сұхбаттар жариялап келеміз. Халқымыздың біртуар перзенттері Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан
Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Кемел Тоқаев жайында кесек-кесек дүниелер жазылып жатқанынан хабарларыңыз бар. Біздің мақсат
- қайткенде де оқырман көңілінен шығу, уақыттың талабына, сіздердің талаптарыңызға лайықты жауап беру,
- деді К.Сәттібайұлы.
Мұнан соң Сарыкемер ауылындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Мұхит Нәметқұлов «Aq jol» газетін ұстаздар қауымы қызыға оқитынын айта келіп, оқушыны сыни ойлауға дағдыландыратын танымдық мақалалар көп жарияланса, қазақтың көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы газет бетінен түспесе деген ұсынысын білдірді. Аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Қанай Жүзбаев облыстағы бас газетті қолдайтынын айтып, төл теңгемізге
ескерткіш орнатылса деген ұсынысын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемал Беспаев байзақтықтар «Aq jol» газетіне ерекше құлшыныспен жазылатынына, ауыл- ауылдарда бұл газетке деген құрметтің жоғары екеніне тоқталды.
Мұнан соң Көсемәлі Сәттібайұлы айтылған ұсыныстардың орынды екенін, тарихи, қазақтың салт-дәстүрлері тақырыптары газеттің назарынан түспейтінін айтып, алдағы күнде де мұндай пайдалы кездесулердің толастамайтынын білдіріп, байзақтықтарға алғысын жеткізді.
Жиынды аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қорытындылап, байзақтықтар баспасөз науқанын белсенділікпен өткізіп, «Aq jol» газетіне де жаппай жазылатынын жеткізді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді