Жаһан
Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге бюджеттен 136 млн. теңге бөлінген - ОСК
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2014
- 578
Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге бюджеттен 136 млн. теңге бөлінген - ОСК
1 қазанға белгіленген Сенат депутаттарының сайлауына бюджеттен барлығы 136 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Жалпы Сенат сайлауына кандидатураны ұсыну - өте маңызды әрі жауапты қадам. Сайлау науқанының аталмыш кезеңі ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 11 қыркүйекке дейін болады», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, сайлауалды насихат 2014 жылдың 12 қыркүйегінен 19 қыркүйеккке дейін өтпек. Дауыс беру, дауыс санау және нәтижелерді жариялау облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларымен бір күнде - 1 қазанда өткізіледі.
«ОСК соңғы қорытынды нәтижелерін 2014 жылдың 7 қазанында жариялайды. Дайындық мәселесіне келетін болсақ, сайлау органдары барлық материалдық-техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқанына республикалық бюджеттен 136 млн. теңге бөлінді. Тиісті нормативтік және әдістемелік база жасақталды», - деді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




