Таластық ақын Үміт Битенованың екі кітабы жарық көрді. Ақынның «Мендегі іңкәр махаббат» атты өлеңдер жинағына соңғы уақыттарда дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылса, «Қай жерден кетті қателік?» атты екінші кітабында көркем және публицистикалық туындылар, әңгіме, новеллалар мен драмалық шығармалары енгізілген. «Өмір – өзен. Бауыр етіміз балапанымызды дүниеге келген сәтінен бастап еңбек етуге баулуымыз керек. Суда тұншығып қалар ма екен деп өбектей берсек, әлжуаз ғып өсіреміз, тереңіне тастап жіберіп, сырттай бақылап, сенсек, ол қалайда екі қолын ербеңдете малтып, су бетіне қалқып шығады. Өзенде жүзе білу қандай маңызды болса, өмірді сүре білу сондай маңызды» деген Үміт Битенова өз оқырмандарын жақсылықтың жаршысы болуға үндейді. «Әл-дәрменіңді алатын әлеуметтік желіден демалудың жолы – оны өшіріп тастап кітап оқу. Бірақ бұл – екінің-бірінің қолынан келе бермейтін болып тұр» дейді ақын.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




