Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қаралма» тау шаңғы базасының құрылысымен танысты.
Бүгінде тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Қонақ үй-коттедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылысы салынуда. Сондай-ақ жеті шақырымдық жол салынып, инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу жүргізілуде. Керек құрал-жабдықтардың дені жеткізілген. Құрылыс басындағы жұмысшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күн-түн демей білек-сыбана еңбектенуде. Айта кету керек, мұнда демалыс кешенінде қонақтар жыл – он екі ай бойы демалуға мүмкіндік алады. Жаз мезгілдерінде саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратын орындар ашылады деп күтілуде. Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңге. Туристік нысан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күрежолының бойынан 7 шақырым қашықтықта, Алатау баурайында теңіз деңгейінен 1 600 метр биіктікте бой көтеруде. Сонымен қатар Алатаудың ұшар басынан кешенге дейін 2 500 метр сырғанау жолағы түседі екен. Аспалы жолдың құрылысы да жүзеге асырылуда. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрия елінен жеткізілген. Асқар Исабекұлы жауаптыларға мұндағы барлық жұмыстарды сапалы әрі жоспар бойынша уақтылы аяқтауды жүктеп, аспалы жолды монтаждау, орнатуды мерзімінен кешіктермей атқару керектігін тапсырды.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді