Таразым қандай тамаша!
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="89303,89304,89305,89306,89307,89308"]
Әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газетінің фототілшісі Ақәділ Рысмахан ердің жасы елуге толып отыр. Самай шашын ақ қырау шалса да, мінген атына мығым жайғасқан азамат мамандығына адал, объективі алымды. Кәсібіне қарай осы уақытқа дейін талай қаланы да, даланы да, тауды да, тасты да шарлап үлгерген Ақәділдің фотоқоржынында көңіл марқайтар көшелі оқиғаларға куә болатын, салмағы салқар шежірелерден сыр тартатын, есімдері тарих парақтарында қатталған тұлғаларды еске түсіретін сүгіреттер жетерлік.
Фототілшіміздің туған күнімен тұспа-тұс келген Тараз қаласының төл мерекесі қарсаңында Ақәділдің шаһар көркін паш ететін туындыларын оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Ал талантты фототілшіміз туралы мерейтойлық мақаланы газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар.
Ендеше, әріптесімізді өміріндегі бір белеске шығуымен құттықтап, шаңырағына шаттық, ісіне береке мен табыс, зор денсаулық тілейміз!
«Aq jol» газетінің ұжымы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




