«Эйр Астана» флоты жаңа Boeing-767 ұшағымен толықты
Бүгін Алматыда «Эйр Астана» флоты жаңа Boeing-767 әуе кемесімен толықты, деп хабарлады әуетасымалдаушының баспасөз қызметінен.
Әуекомпания флоты Орталық Азиядағы және бүкіл әлемдегі ең жас компаниялардың бірі болып табылады. Әуепаркке 5,4 жыл ғана болды. Олар алғашқы екі Boeing-767 ұшағын 2013 жылғы желтоқсанда қосқан.
Boeing-767 кең фюзеляжды қиыр магистральдық авиалайнерлердің бизнесс-класы толықтай ашылып жабылатын 30 кресло, 15 дюймді жеке дисплей, ал эконом-класста - 193 кресло, фильмдер, телебағдарламалар, әуендер таңдауға мүмкіндік беретін 9-дюймдік дисплеймен жабдықталған делінген таратылған хабарламада.
Boeing -767 авиалайнерлері Алматыдан Астанаға, Бангкок, Куала-Лумпур, Франкфурт, Сеулге ұшатын болады. Авиапаркте барлығы 30 әуе кемесі бар.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




