Диқандарда «Қазан ұрды, қалған жемісті тез жинап үлгер» деген сөз бар. Онысы – қазан айының ортасына таман күн күрт бұзылып, үсік жүріп, кейде қар жауады. Мұндайда «Бақша қазан болды» деп те айтады.
Себебі сол суық-үсіктен, күзде пісетін жемістің құнарын жоғалта бастағанын білген диқандар, көкөністерін дереу жинауға көшеді.
Тіпті «қазан ұрмай» піспейтін жемістер де бар. Оны да диқандар асыға күтеді. Ал жылы жаққа ұшып кететін құстар дәл осы қазан айында «қазан ұрған соң» жиналады. Сондықтан ел қазан айын – «Үлкен амал» деп атап, етек-жеңін жинап, қыстың алғашқы хабары – амалы келді деп есептеген.
Қазан ұрғанда, балдыр – су асты «шөбі» құлап, арық табанында жатады. Мұны да білген жөн.
Жапар САТЫЛҒАНОВ,
табиғатты зерттеуші, құсбегі-этнограф.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




