Исі мүміндер үшін мың айдан да қайырлы саналатын және Алланың әмірімен Жебірейіл періште жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететін әрі Құран-Кәрім түсірілген айрықша қасиетті Қадір түні Семей қаласы тұрғындарының таңғажайып тосын құбылыстың куәсі болуына тура келді. Олар аспаннан «Алла» деген жазуды оқыған. Қадір түнін қарсы алуға жұмылған жамағат түнгі аспан төрінде Жаратушының есімі жазылғандығын байқап, оны бірден суретке түсіруге асыққан. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, таң рауандап атқанша Алла тағалаға жалбарынып, тілек тілеген жұртшылық аспандағы жазуды Жаратқанның өздеріне жіберген тылсым белгісіне балаған көрінеді. Тұрғындардың арасында аталған көріністі реактивті ұшақтың соңында шұбатылып қалатын ізіне телігендер де болған. Ал дін қызметкерлері болса, аспандағы жазу таңбаларының араб әріптеріне тән екенін растапты. Алайда, олар «Жазу «Алла» емес, «Мұхаммед» деген ұғымға келіңкірейді», — дейді. Қалай дегенмен де дінбасылар мұны Жаратушының қасиетті түнде мүміндерге жіберген белгісі ретінде бағалауда. Мәселен, Семей қалалық орталық мешіттің наиб-имамы Бекзат Баешов «Расында да аспандағы жазу таңбасы араб тіліндегі «Мұхаммед» деген мағынаны білдіретін «сүмим», «һа», «суат» деген сияқты әріптерге ұқсайды. Біз, қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Бұл да бір игіліктің, жақсылықтың белгісі, нышаны шығар» деп өз ой-тұжырымын білдіріпті. Лайым, солай болғай.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді