Жол салуда тың технологиялар қолданылуда – М. Пішембаев
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев осылай мәлімдеді.
- "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізін құрылысын жүргізудің ерекшелігі мынадай болып табылады: тұрақтандырушы құралдар, геосинтетикалық материалдар, шағыл тас, мастикалық асфальт-бетон, цемент-бетон жамылғысы, кеңірдек тектес құбырлар, көпірлерді монолит ретінде салу технологиясы және басқалар. Мұндай жаңа технологиялар мен материалдар енгізудің негізгі мақсаты сол – сапаны жақсарту, құны мен қуат шығынын азайту, қызмет мерзімін ұзарту және автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті жақсарту болып отыр, - деді Мереке Құдайбергенұлы.
Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің Қазақстан аумағындағы жалпы ұзақтығы 2 787 шақырымды құрайды. Оның 2 452 шақырымы қайта салынса, 1 390 км – 4 жолақты І техникалық санатқа, 1 062 км – ІІ техникалық санатқа жатқызылады. Ал 1 079 шақырымында цемент-бетон жамылғысымен төселмек. Жалпы, жобаны аяқтау 2015 жылға жоспарланған.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді