Жаһан
Жыл соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 157 шақырымында жол ашылады
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2014
- 269
Жыл соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 157 шақырымында жол ашылады
2014 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің тағы 157 шақырымында жол ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті. Вице-министр хабарлағандай, қазіргі уақытта 1345 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Жұмыстар бес өңірде жүріп жатыр. 35 мыңнан астам еңбек етуде. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша Ақтөбе облысында жұмыстар аяқталды, Қызылорда облысында биыл 812 шақырым салынып бітеді. Биылғы жылы Шымкен-Ташкент учаскесінде жұмыстар басталды, құрылысты дүниежүзілік банк қаржыландыруда. Жамбыл облысы бойынша Шымкент пен Тараз арасындағы учаске салынып жатыр. Биылғы жылы Жамбыл облысындағы Қордай маңындағы жолдың құрылысы аяқталады», - деді Мереке Пішембаев.
2010-2013 жылдары халықаралық дәліздің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылған болатын.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым, оның 2452 шақырымы қайта салынады. Халықаралық көлік дәлізі 2015 жылы салынып бітеді деп жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді