Жаһан
Елбасы Франция Президентіне Air Algerie ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2014
- 813
Елбасы Франция Президентіне Air Algerie ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа «Алжир әуе жолдары» жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта «Алжир әуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көптеген француз азаматтарының қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Осындай қайғылы жағдайда Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына шын ниетпен көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




