Қазақстанға Франция Президентінің сапары күтілуде
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен оның өтініші бойынша кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында біздің елімізге Франция Президенті Франсуа Олландтың ресми сапарына әзірлік мәселелері талқыланды», делінген баспасөз баянында.
Кездесуге Франция Елшілігінен әскери атташе Кристиан Бартлен, сондай-ақ «Airbus grup Kazakhstan» бас директоры Сильвер Делоне қатысты.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




