Қазақстанның 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді

Қазақстанның 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді
ашық дереккөз
Қазақстанның 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді
Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді.  Бұл туралы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі барысында Қазақстанның ұлттық комиссиясының экс-төрағасы, елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті. «Табанды жұмыстарымыздың негiзiнде ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмiне елiмiздiң үш тарихи ескерткiшi енгiзiлген болатын.  Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесi, Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешенi, Сарыарқа және Солтүстiк Қазақстан көлдерi мен жазықтары, Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Биыл олардың қатарын тағы да 8 тарихи нысан нақтырақ айтқанда, Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек толықтырып отыр. Елiмiздегi осындай жәдiгерлердiң әлемдiк мәдени құндылықтар қатарында дүниежүзiлiк мұралар тiзiмiне енуi тұтас халқымыздың арман-тiлегi мен риясыз пейiлiнiң көрсеткiшi деп бiлемiн», - дедi шара барысында И.Тасмағамбетов. Сонымен бірге, елорда әкімі адамзатқа ортақ руханиятты барынша жақындастырып, әлемдiк тұлғалар есiмiн таныстыруда «Атаулы даталар күнтiзбесi» жобасының айрықша орын алатынын атап өтті. Оның айтуынша, ЮНЕСКО күнтiзбесiне Қазақстанның төл тарихына, ұлтттық тұлғаларына қатысты мерейтойлық даталар енгiзiлген. «Бұл әрине, бiрiншi кезекте әлем елдерiне ұлттық әдебиетiмiздегi жауһар туындылармен сусындауға мүмкiндiк беріп отыр. Осы арқылы жаһан жұртшылығы қазақ халқының мәдениетiмен, тарихымен танысуда», - деді И. Тасмағамбетов. Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі өтуде. Шараға ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік топтарынан, атап айтқанда, Араб мемлекеттері, Азия және Тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен 125 мемлекеттің Ұлттық комиссияларының өкілдері қатысуда.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар