«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мешіт тегі сауапты іс «мектеп сөмкесі» деп аталды

Мешіт тегі сауапты іс «мектеп сөмкесі»  деп аталды
ашық дереккөз
Мешіт тегі сауапты іс «мектеп сөмкесі» деп аталды
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="82450,82451"] Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігі мен «Уақып» қайырымдылық қоры, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті әкімшілігі бірлесіп, «Мектепке жол» акциясы аясында «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық шарасын өткізді. Шараны ҚМДБ облыстағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев сөз сөйлеп ашып, қасиетті айт мерекесі алдындағы қайырымдылықтың маңызына ерекше тоқталды. Ол осы балалардың ішінен болашақ ғалым, министр, қайраткерлер шығуы мүмкін екеніне тоқталып, қайырымдылық шарасы аясында шаһардағы 110 балаға жаңа сөмке және барлық оқу құралдары тегін таратылатынын айтты. Олар көп балалы, асыраушысы жоқ, аз қамтылған отбасынан шыққан бүлдіршіндер екен. Мұнан соң сөз алған облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов мұндай істің сауабы мол екеніне тоқталып, демеушілік танытқан азаматтарға алғыстарын айтып өтті. Мұнан соң Данияр Әлимұхамедұлы балаларға оқу құралдарын таратты. Сол кезде бүлдіршіндердің жүзіндегі шаттықты көріп көңіліміз толқыды. Балалар кезек-кезегімен сыйлықтарға ие болып жатты. Ата-аналар атынан Қалдыкүл Төреқұлова сөз сөйлеп, келіні қайтыс болып, немересінің жетім қалғанын айта келіп, балаларға жасалған қамқорлықтары үшін мешіт әкімшілігіне, «Уақып» қайырымдылық қорына алғысын білдіріп, рахметін жаудырды. Асыраушысы өмірден озған Раушан Баймағанбетованың 5 баласы бар екен. Күйеуі ішімдікке салынып кеткен Азиза Ибрагимова алтыншы перзентін өмірге әкелмекші. Міне, осындай фактілерден-ақ «Мектеп сөмкесі» сыйлығының нағыз мұқтаж жандарға берілгенін байқауға болады. Бұл күні ата-аналар мен балалардың қуанышында шек болған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар