IPhO-2014: Қазақстан үздік ондықтың қатарында

IPhO-2014: Қазақстан үздік ондықтың қатарында
ашық дереккөз
IPhO-2014: Қазақстан үздік ондықтың қатарында
Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадада (IРhO) Қазақстан 3 алтын мен 2 күміс жүлдені иеленіп, мықты елдердің ондығына енді. Командалық есепте Қазақстан 8-орында тұғырланды. Айта кетейік, 13 шілдеде басталған бұл білім сайысы елордадағы Назарбаев Университеті базасында өтті. Атап айтқанда, физикадан Астанада ұйымдастырылған  осы білім додасына Қазақстанға әлемнің 85 елінен 400-ге жуық  оқушы келді. Қазақстан намысын халықаралық олимпиадада мектеп оқушыларының Жәутіков халықаралық олимпиадасының алтын медаль иегері, физикадан Азия олимпиадасының күміс жүлдегері, физикадан халықаралық олимпиада күміс медалі мен республикалық пәндік олимпиададағы алтын медаль иегері Әмір Бірәлин, халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, республикалық пән олимпиадасының алтын медалінің иегері  Иса Данат, республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің және физикадан халықаралық олимпиаданың қола медалының иегері Нұрбек Дінмұхаммед, «Туймаада» мектеп оқушылары халықаралық олимпиадасы қола медалінің, халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, физикадан Азия олимпиадасы құрмет грамотасының және Республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Тұрсынбек Нұрислам, жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану ғылымдары олимпиадасы мен халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Дәулет Құрмантаев қорғады. Бірнеше күннен бері жас физиктер 2 турға қатысып, теориялық және эксперименттік тұрғыда қазіргі заманғы физика саласында өздерінің білім деңгейін көрсетті. Екі турдың қорытындысы бойынша 45-ші IPhO-ның халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлгегерлерді анықтады. Жеңімпаздардың есімдері бүгін түстен кейін Бейбітшілік және келісім сарайында марапаттау рәсімінде белгілі болады. Халықаралық олимпиаданың басты наградаларын (I, II, III дәрежелі медальдар мен дипломдар) әлем оқушыларына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Физика бойынша Халықаралық олимпиаданың президенті Джорден Ханс тапсырады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар