«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шәкәрім қолжазбалары Қазақстанға қайтарылды

Шәкәрім қолжазбалары Қазақстанға қайтарылды
ашық дереккөз
Шәкәрім қолжазбалары Қазақстанға қайтарылды
  Арада 80 жыл өткенде ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының қолжазбалары Қазақстанға қайтарылды. 30-жылдары тек Шәкәрім ғана емес оның балалары да қудаланды. Ұлы ойшыл-ақынның кіші баласы Зият Құнанбай ұрпақтарымен бірге Алтайға кетуге, одан әрі отанын тастап Қытайға қоныстануға мәжбүр болған. Ол сол жақта да белсенді түрде ағартушылық жұмыстармен айналысып, "Синьцзян-Алтай" газетінде мақалалары жарық көрген. Үрімжіге кетер алдында, 1996 жылы ол алғаш рет әкесінің қолжазбалары туралы айтады. "Кәрім Дүйсенов деген адам болған. Ол Қазақстаннан келген. Зият әкесінің еңбектерін соған сеніп тапсырған. Кетер алдында: "Мен Үрімжіге кетіп барамын. Онда қазақтар аз. Ал сіз осында қалып барасыз, мұнда отандастарымыз көп. Мынау менің әкемнің қолжазбалары. Оларды осында, сізге аманат етіп қалдырғаным сенімдірек болады деп айтқан" дейді ақын Көбен Асқарұлы. Шәкәрімнің қазақ, түрік, қырғыз хандарының шежіресі, сонымен қоса оның лирикалық және ақындық ойлары, мәңгілік қолжазбаға айналған еңбектері жарты ғасыр бойы қытайлық қазақ отбасында сақталған. Енді Шәкәрім аты бүкіл қазақ даласына жаңғырсын деген ниетпен ақын Көбен Асқарұлының ұпақтары сол ұлттық құндылығымызды тарихи отанына қайтарды. Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz    

Ұқсас жаңалықтар