«Жаңа көк кит»
Желіде өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін вирус пайда болды
Интернетті шулатқан «Көк кит» вирусы бірталай жасөспірімнің өмірін қыршынынан қиғаны мәлім. Енді оның жаңа түрі шыққаны туралы таралған ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірді. WhatsApp-та Момо есімімен танысып, өлімге итермелейтін адам пайда болды деп жазады NUR.KZ.
Испания елінде танылып үлгерген «Момо» әлеуметтік желіде адаммен танысып, оны қорқыта бастайды. Дәл «Көк кит» іспетті ол да сөйлесушінің мекен-жайы мен жеке мәліметтерінен хабардар екенін ескертеді.
Сондай-ақ жантүршігерлік тапсырма беріп, адамды өз-өзіне қол жұмсауға бұйрық та беретіні анықталды.
Ең қызығы, бұл вирус жазып отырған адамның тілінде сөйлеседі екен. «Момо» Испания және Аргентина елдерінде кең қанат жайған. Бұл мемлекеттерде, тіпті адам өлімі орын алып, марқұмның ең соңғы сөйлескен адамы «Момо» болып шыққан.
Әзірге бұл вирусты ойлап тауып, бөтен адамдардың өміріне қауіп төндірумен айналысатындардың кім екені анықталған жоқ.
Полицейлердің айтуынша, олар адамның ұялы телефоны арқылы ол туралы барлық ақпарат пен нақты мекен-жайын біліп алады.
Бұл вирус желіде қызу талқыға түсіп, өзге ел азаматтарын біраз алаңдатып қойғаны рас. Көпшілік «Момо» туралы ақпаратты таратып, барынша басқа адамдардың хабардар болуына өз септігін тигізуде. Олар мұны басқаларды алдын ала құлағдар етіп, қауіпке төтеп беру үшін дайын болсын деп жасап жатқанын айтуда.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді