Бүгін қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын көре алады
Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын тамашалай алады. Бұған дейін ҚазАқпаратқа бұл құбылыс туралы астролог Арман Штатбаев айтып берген еді. «Айдың тұтылғанына жалаң көзбен қараудың еш қауіптілігі жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйгелектеніп, депрессияға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл күні маңызды шешім қабалдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз», - деді астролог Арман Штатбаев. Астрологтар бұл құбылысты «қанды тұтылу» деп атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін екендігін айтуда. Сонымен қатар, ғалымдар бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездеседі. Ендігі тұспа-тұс келуі 2035 жылы болады. Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туады дейді. Сондай-ақ, Петропавлда қызыл түске боялған Айды тамашалау үшін телескоп орнатылып қойды.
ақпараткөзі:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді