Астанада «виртуалды бала күтушісі» пайда болды
Астанада «виртуалды бала күтушісі» қызметі пайда болды. Ғаламтор мамандары аздаған ақша үшін әлеуметтік желі арқылы баланы бағып беруге дайын, деп жазады express-k.kz.
Қазіргі кезде балалардың көпшілігі шынайы қарым-қатынастан гөрі виртуалды қарым-қатынасты қалайтыны жасырын емес. Компьютерлер мен түрлі гаджеттер баланы қызықтыратыны соншалық, олар тәулік бойы ғаламтордан шықпауға дейін барады. Ал ата-аналары болса, осы уақытта балаларының немен айналысып отырғанынан бейхабар.
«Баланы сенімсіз сайттардан қорғап, оған кіруге мүмкіндік бермейтін арнайы бағдарламалар бар, - дейді «виртуалды бала күтушісі», программист Артем Штерн. - «Виртуалды бала күтушісі» қызметі арқылы маман баланың отырған құрылғысынан, ұялы телефон, компьютер, планшет болсын, ол алып жатқан ақпараттар ағынын алыстан бақылай алады».
Артемнің айтуынша, бұндай бақылау түрі заңды болып келеді, себебі ата-анамен тиісті келісімшарт жасалады. Сондай-ақ, баланың кірген желісіне шектеу қоя алмайды, алайда баланы тәртіпке шақыратын ақыл-кеңес жазып жібере алады.
«Жазғы уақытта бұл қызметке сұраныс артады, бізде тек үш маман ғана жұмыс жасайды. Бастапқы уақытта бұны қосымша табыс көзі ретінде қараған едік, енді негізгі жұмыс деп қарауға тура келді», - дейді А. Штерн.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді