Қазақстандық профессор Нобель медаліне ие болды
Арқалық пединститутының профессоры Әбілхан Үмбетов өнертапқыштыққа қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы алтын медальмен марапатталды.
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, профессор Әбілхан Үмбетұлы 2012 жылы Қазақстандағы ЖОО-лардың үздік 200 оқытушысының қатарына енген. Осы жылдың басында «Ғылым» аталымында облыстық меценаттар клубы сыйлығының иегері атанды.
Енді қазақстандықтың ғылымға қосқан үлесін халықаралық деңгейде аңғарды. Арқалық тұрғыны Ресей жаратылыстану академиясының сыйлығы - физика саласындағы өнертапқыштықты дамытуда қосқан үлесі үшін Нобельдің алтын медаліне қол жеткізді. «Лазерлік өлшем құрылысы» атты ғылыми зерттеу жұмысы да бұл сыйлықты алуға себеп болды.
Альфред Нобель атындағы медаль Ресей жаратылыстану академиясының атынан үздік ғылыми жұмыстар, жаңалықтар үшін тағайындалады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




