Мәнерлеп сырғанау спортының шебері Денис Тен өмірден озды
Еліміздің маңдай-ына біткен жарық жұлдызы Денис Тен ұсақ ұры-қарылардың қанды қолынан мерт болды. Мәнерлеп сырғанау спортының маржаны 25 жасында жарық дүниемен қош айтысты. Қазақ мұз айдынының бағына біткен алтын ұл қамшының сабындай қысқа ғұмырында өшпес із қалдырды. Денис 2014 жылы Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдені қоржынымызға салғанда шат-шадыман күй кешкен едік. Біраз уақыт бұрын «Ат басындай алтын берсе де Қазақстанымды айырбастамаймын» деп сұхбат берген Денис Тен Лондондағы (Канада) әлем біріншілігінде күміс, Шанхайдағы жаһандық додада қола жүлде иеленіп, мерейімізді тасытқан-ды. Сонымен қатар ел мақтанышы Денис Сеулде жалауы желбіреген төрт құрлықтың аламанында да алтыннан алқа таққан. Алматы қаласында өткен бүкіләлемдік студенттер универсиадасында жеңіс тұғырынан көрініп, Азия ойындарында да намысты қолдан бермеп еді. Бұл Денистің 2014-2017 жылдар аралығында қол жеткізген жетістігі ғана. Одан бөлек қаншама сындарда олжа салды десеңізші! Алтын асықтай ұл мәнерлеп сырғанау спортын бекзада, дегдар өнерге айналдыра білген еді. Қазақ спорты тарихына есімін алтын әріптермен қалдырған сайыпқыранның мезгілсіз қаза тапқаны орны толмас өкініш. Бақұл бол, чемпион!
(Денис Теннің қазасына байланысты топтаманы 8-беттен де оқисыздар).
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді