Жаһан
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу Назарбаев Университеті студенттері үшін тосын сый болды
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2014
- 224
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу Назарбаев Университеті студенттері үшін тосын сый болды
Назарбаев Университетінің студенттері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу Ұлы Жібек жолын жандандыру тұрғысында тарихи және символдық мәнге ие екенін атап өтуде.
«Қытайдың бірінші басшысымен болған кездесуден үлкен әсер алдық. ҚХР Төрағасы өзінің сөзінде Қазақстан мен Қытайдың экономикалық мүдделері үшін Жібек жолын жандандырудың өзектілігі жайында айтты. Біз қытайлық студенттермен және ресми тұлғалармен көп пікір алмастық. Атап айтқанда, олардың барлығы бұл идеяның маңыздылығын терең түсініп отыр», - дейді Назарбаев Университеті ғылым және технология мектебінің 3-ші курс студенті Ақерке Әбдірахман.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық делегация мүшелерін аталған елде өте жылы қабылдаған.
«Қабылдаушы тараптың қарым-қатынасы бізді таңғалдырды. Барлық шаралар достық жағдайында өтті. Мәселен, Шанхайда біздің делегация еш кедергісіз өту үшін жолдардағы қозғалысты шектеді. Әрине, ҚХР-дың бірінші басшысымен кездесу біз үшін ерекше болды. Осындай қарым-қатынас Жібек жолын жандандыру тұрғысында екі елдің арасындағы гуманитарлық, экономикалық және саяси ынтымақтастық үдерісіне оң ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Назарбаев Университетінің 3-ші курс студенті Александр Джагупаров.
Студенттердің айтуынша, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу олар үшін тосын жайт болды, яғни олар осы жүздесу жайында Қытайға келгенде ғана білген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Назарбаев Университетінің студенттерінен, магистранттарынан және оқытушыларынан құралған 200 адам Қытайдың жазғы лагерлеріне аттанды. Делегация Қытайдың Шанхай, Бейжің және Сиань қалаларын аралап шықты.
Еске сала кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өткен жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларын Қытайдың жазғы лагерлеріне келуге шақырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді