Балаларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулудың маңызы зор. Мүмкіндік барда дене шынықтырып, спортпен шұғылдану, өнер-білім үйрену қажет-ақ. Бала кезінен салауатты өмір салтын ұстанып, сананы жаңғыртуға, сондай-ақ толлерантты мінез-құлықты қалыптастыруға ұмтылғанымыз жөн. Осы мақсатта облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі облыстық балалар сауықтыру лагерьлеріне барып, тәрбиелік мәні зор дәріс оқуда. Мұндай дәрістер Байзақтағы «Бәйтерек» балалар-сауықтыру және Жуалы ауданындағы «Тау самалы» атты жазғы емдеу-сауықтыру лагерьлерінде ұйымдастырылды. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттауды мақсат тұтқан шараға түрлі ұлттың жеткіншектері тегіс қатысты. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы, педагогика магистрі Альбина Тапаеваның жетекшілігімен спикерлер демалыс орталықтарына барып, дәріс оқыды. Жастармен жұмыс жүргізуде коммуникативті және диалог алаңдарын құра отырып, оларға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының және «Қазақтану» жобасының негізгі құндылықтары түсіндірілді. Аға буынның серпінді сөзі жеткіншектерге «Біртұтас болашақ», «Қазақстандық біртектілік», «Қоғамдық келісім» түсініктерінің мәнін кеңірек ұғынуға мүмкіндік бергені анық. Оқушылар, дәріс тыңдаушылары республика мен облыстың полиэтникалық және көп этносты тұрғындарының өмірі мен мәдениеті туралы нақты мысалдарға негізделген инновациялық-психологиялық-педагогикалық әдістерді тыңдап, зерттелетін мәселелердің мәнін терең түсінуге бағытталған жаттығу сабақтарына қатысты. Рухани және мәдени құндылықтар туралы айтылған келелі әңгімелер жастардың бойында бірегей толерантты мінез-құлық қалыптастыруға негіз болатыны сөзсіз. Шара барысында жастарға инновациялық әдістемелерге негізделген тренинг, балалардың білімдерін нығайтуға арналған сұрақ-жауап жарысы және спорттық іс-шаралар өткізілді. Нәтежиесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Назерке Оңғар, облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі баспасөз қызметінің маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді