Ғылымның бар мүмкіндігін пайдалану керек
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық жоғары оқу орнына ғылыммен айналысуды тапсырды Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлескен шаруашылық базасында құрылған “Байсерке-Агро” оқу ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты. Президентке “Байсерке-Агро” ғылыми-өндірістік оқыту орталығы базасында алынған дәнді-дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың алуан түрлері, сондай-ақ ветеринариялық препараттар көрсетілді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылығы техникасының жетілдірілген әрқилы түрлері мен мал шаруашылығы нысандарын аралап көрді.
Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен ұштастыру тәжірибесін қолдануы қажеттігіне назар аударды. “Барлық университеттер ғылыммен айналысуға тиіс. Оларда зертханалар ашып, кейін өндіріс ұйымдастыру үшін қажет болатын тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық база құрған жөн”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елдегі ауылшаруашылығы кешенін тиімді дамыту ісі бұл салада заманауи ғылыми әдістемелер мен әзірлемелерді қолдануды талап ететінін айтты. “Азық-түлік өндірісі елімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. 2050 жылға қарай әлемде халық саны 9 миллиардқа дейін өседі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыруды қажет ететін болады. Қазақстанның, орасан кең алқаптарды қоса алғанда, сол орынды иеленуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл ретте ауылшаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз одан әрі дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана біз ауылшаруашылығы саласында ілгерілей аламыз”, – деді Қазақстан Президенті.
“Байсерке-Агро” өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында отандық ғалымдар әзірлеген инновациялық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті зоотехникалық талдаудан өткізетін зертханасы және агрохимия зертханасы бар ғылыми-өндірістік оқыту орталығы кіреді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




