Аудандағы ұзақ жыл жұмысы тоқтап тұрған моншаны іскер азамат Мұрат Әйтімбетов сатып алып, былтыр қайта іске қосқан еді. Енді кәсіпкер сол моншаның жанынан ұзындығы 25, ені 8,5 метрді құрайтын «Мыңбұлақ» бассейнін ашып отыр. Бассейннің орташа тереңдігі – 1,5 метр. Ең терең тұсы 1 метр 75 сантиметрге жетеді. Балаларға арналған таяздау бөлігі де бар. – Бұл – менің елорда тойына орай жерлестеріме жасаған тартуым. Тура мереке қарсаңында ашылған бассейнге «Мыңбұлақ» деп атау бердім. Құрылыс заттарын Қытайдан алдырдым. Құрылысшыларды Тараз қаласынан әкелдім. Олар екі айда жұмысты аяқтап, нысанды пайдалануға берді. Жаздыгүні моншаға келушілер аз. Ал бассейнге түсушілер көп болады. Кәсібім тоқтап қалмауы үшін осындай шешім қабылдадым, – дейді кәсіпкер Мұрат Әйтімбетов. Жаңа нысанның іске қосылуының арқасында ауданда төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Олар моншаға да, бассейнге де келушілерге қызмет жасайды. Солардың ішінде бассейнге жауаптысы – Ербол Қойлыбай. Ол балаларды сыртынан бақылап, суға тұншығып қалмауын қадағалап жүреді. Жалпы мұнда демалушыларға қажетті жағдайлар толық жасалған. Күнге қыздырынатын арнайы орындықтар мен бастырмалары да бар. Бассейн үнемі тазартылып, судың температурасы бақылауда болады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




