Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесіп, БАҚ өкілдері арасында «Бір шаңырақ астында» атты облыстық байқау жариялаған болатын. Кеше сол байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. «Достық» үйінде өткен марапаттау рәсімін облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Тәжиева ашып, журналистер қауымының қоғамдағы орнын бағалай келе, халықтар достығын, ұлттар татулығын ұйымдастыруда БАҚ өкілдері зор мүмкіндікке ие екеніне тоқталып, байқауға қатысқан журналистерге алғыс білдірді. Аталған байқауға түскен жұмыстарға журналистика саласының ардагері Михаил Бунин мен облыстық «Arai» жастар газеті бас редакторының орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбек қазылық жасап, бағасын беріпті. Сонымен «Бір шаңырақ астында» атты облыстық байқауда облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Василий Мазур жеңімпаз атанып, дипломға және 70 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Есет Досалыға жүлделі екінші орын (50 мың теңге) берілсе, облыстық «Arai» жастар газетінің тілшісі Талғат Нұрхановқа үшінші жүлде (30 мың теңге) бұйырды. Сондай-ақ бірқатар тілшілер ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді