ақпараткөзі:24.kz
Қызылордалық шахматшы Азияның 5 дүркін чемпионы атанды
Шри-Ланканың Вакадува қаласында шахматтан оқушылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қызылордалық Әсел Серікбай бас жүлдені жеңіп алды.
Отандасымыз 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша бақ сынасып, 7 турдан 6 ұпай жинап, чемпион атанды. Бұл – оның Азия чемпионатында бесінші мәрте топ жаруы.
Швейцар жүйесімен ұйымдастырылған жарысқа 17 мемлекеттен 400 спортшы қатысуда. Дүбірлі бәсеке 14 шілде күні мәресіне жетеді.
Айта кетейік, Әсел Серікбай шахматтан ФИДЕ шебері және ҚР спорт шебері. Ол 12 дүркін Қазақстан жеңімпазы, 5 дүркін Азия чемпионы (Сингапур 2015 ж. классика, Ташкент 2017 ж. классика, рапид, блиц, Шри-Ланка 2018 ж., рапид) 2 дүркін Әлем чемпионы (Польша 2011 ж., Румыния 2017 ж.), деп хабарлайды облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




