Дәрігерлер галстук тағудың зиянды екенін айтты
Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелері Neuroradiology журналына жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.
Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры мен ұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді.
Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз.
Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды.
Дәрігерлер мынадай мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр: көптеген компаниялар мен мамандық иелерінде дресс-код міндеттелген және оның ішінде галстук пен жағалы жейде бар. Алайда жұмыс берушілер олардың зиянды екеніне бас қатырмайды.
ақпараткөзі:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




