Бүгінде елімізде «Астана» атауын еншілеген әлеуметтік нысандар көп. Бұл – тұрғындардың елордамыз Астанаға деген құрметі болса керек. Біздің өңірімізде де бас қаламен аттас 3 балабақша бар. Бір қызығы, мектепке дейінгі мекеменің екеуі 2013 жылы – Астананың 15 жылдығына орай ашылыпты. Бір әлеуметтік нысан іске қосылып, пайдалануға берілсе, бірнеше істің шешімі табылары анық. Жұмыс орындары ашылады, ал бұл тұрғындар үшін тиімді. Мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыту ісінің негізін қалайтын орын – балабақша. Мектепке дейінгі білім мекемесінің баланың бойындағы жақсы қасиеттерді, мүмкіндіктерді ашып, олардың тәрбиелі болып өсуіне тигізер әсері мол. Ал «Астана» атауын еншілегендерге жүктелер жауапкершілік үлкен. Елорда атауымен аттас балабақшалардың бірі Байзақ ауданында қоныс тепкен. Аудан орталығындағы екі қабатты мекеме ғимараты республикалық бюджет есебінен салынған. Бұл балабақша ашылғанда мектепке дейінгі мекеме кезегінде тұрғандардың саны 280-ге азайып, 60 адам жұмыспен қамтылған болатын. 2013 жылы пайдалануға берілген балабақша бүгінде ел игілігіне жарап тұр. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер – «Береке құрылыс холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Талас ауданы Қаратау қаласындағы 280 орындық «Астана» балабақшасы 2013 жылы 1 желтоқсанда пайдалануға беріліпті. Ал Шу қаласындағы нысан 2012 жылы 1 желтоқсанда 140 бүлдіршінге арналып ашылған болатын. «Астана» атауын алған мектепке дейінгі мекемелер қатары әлі де арта түсетіні анық. Ал үш «Астана» балабақшасы заман көшінен қалмай, ілгері дами береді. Өйткені олар елордамызға қарап бой түзейді.
Камила БОРАШОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




