Қызылорда мен Таразда LTE (4G) желісі іске қосылды
«Алтел» АҚ Тараз және Қызылорда қалаларында мобильді жоғары жылдамдықты мәліметтерді жеткізудің LTE (4G) желісін іске қосқанын мәлім етті.
«Таразда өз желісін іске қосу арқылы «Алтел» АҚ еліміздің халық ең көп қоныстанған аймағы - Оңтүстік Қазақстандағы барлық әкімшілік орталықтарды қамтуды аяқтады. Жақын арада Қызылорда мен Таразда GSM/UMTS желісін кеңейту мен оңтүстік өңірдегі барлық қала маңы елді мекендерді қамту жұмыстары өз жалғасын таппақ», - деді аталмыш компанияның басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков.
Айта кетейік, 4G желісі Қазақстанда 2012 жылдың соңында іске қосылған болатын. Онда жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі қызметі Астана және Алматы қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді болған еді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




