Елорда шежіресі
2013 ЖЫЛ
=3 қаңтар – Мәскеу қаласында өткен «ХХІ ғасыр мегаполисі: қала және балалар», «Өмір сүргің келетін қала» конкурстарында Астана қаласы лауреат атанды.
=19 ақпан – Астанада «Қазақстан – Франция» халықаралық сурет көрмесі ашылды.
=16 наурыз – Талай талант түлеп ұшқан Қазақ ұлттық өнер университеті 15 жылдық мерейтойын атап өтті.
=13 сәуір – Астана туристік қалалардың беделді Бүкіләлемдік федерациясы құрамына енді.
=25 мамыр – үш күнге созылған VІ Астана экономикалық форумы мен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы «G-global» форматты көшбасшылар диалогімен аяқталды.
=8 маусым – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық Қазақ драма театрында халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны – «Қыз Жібек» махаббат дастаны жаңаша қойылды.
=4 шілде – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
=21 тамыз – Тамыз мәслихаты қарсаңында елорда әкімі үздік педагогтерді Үкімет наградаларымен марапаттап, 10 ұстазға пәтер кілтін тапсырды.
=19 қыркүйек – Қазақстан 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды.
=12 қазан – елордада Сарыарқа – Тұран даңғылдарын жалғайтын Есіл өзені үстінде жаңа көпір ашылды.
=7 қараша – «ЭКСПО-2017» көрмесінің ең үздік эскиз-идеясын анықтайтын 105 компания қатысқан халықаралық байқауда АҚШ сәулетшілері ұсынған жоба үздік атанды.
=14 қараша – Санкт-Петербург қаласында «Астана» сауда-іскерлік орталығы ашылды.
=3 желтоқсан – VІ халықаралық байқауында Астана ТМД-дағы ең үздік қала деп танылды.
=12 желтоқсан – Астана қаласында азаматтық және әскери арнаулы машина құрастыратын зауыттың іргетасын қалау
салтанаты өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді