Шуақты Шу өңірі тарихи тұлғаларға орнатылған еңселі ескерткіштермен бұрыннан танымал. Шу өңірінің тумасы, «Парасат» «Құрмет» ордендерінің иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты атақты күйінің құрметіне осыдан жеті жыл бұрын Шу қаласындағы күре жолдың бойына ескерткіш орнатылды.
Күй құдіретіне арналған мұндай ауқымды шара Қазақстан бойынша біздің облысымызда тұңғыш рет қолға алынған. Осынау игі бастаманың ұйытқысы болған Парламент Мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиевке әулиеаталықтардың алғысы шексіз. Олар өлкемізге келген қонақтарға ескерткішті мақтанышпен таныстырады. Жас ұрпақ атақты күйшінің талантына сүйсіне қарап үлгі тұтуда. Аталмыш күйдің кейіпкері Қазақ аруының бейнесін – махаббаттың, сұлулықтың сырын ашқандай жарқырап тұр. Қырық жылға жуық уақыттан бері «Ерке сылқым» күйі өнерсүйер қауымның ықыласына бөленуде. Жалпы әлемде күй құрметіне орнатылған жалғыз ескерткіш – «Ерке сылқым».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді