2 миллионнан аса мұсылманы бар Мәскеу қаласы да, қасиетті Рамазан айын лайықты өткізіп жатыр. Ресейдің бас шаһарында, бірнеше жылдан бері тегін ауызашар беріліп келеді.
«Рамазан шатыры» деп аталатын қайырымдылық шарасы кезінде, алып мегаполистегі түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері күн сайын, кезек-кезек басқосу ұйымдастырады. Мәскеудегі мұндай ауызашардың өтіп жатқанына биыл 9 жыл болды. Жылдағы дәстүрге сай, биыл да мемориалды мешіттің жанынан 500 адамдық Рамазан шатыры тігілді. Бұл - түрлі ұлт пен дін өкілдерінің басын қосатын берекелі жер. Ресей астанасындағы жалпы халықтың, небәрі 0,1 пайызын ғана құрайтын қазақ диаспорасы да, бұл сауапты іске белсене қатысуда. Қазақтар жайған дастарқанға жұрт көп келді. Кеш барысында уағыз айтылып, Құран оқылды. Содан соң халық әндеріміз шырқалып, елордамыз Астана туралы фильм көрсетілді. Себебі, қандастарымыз қайда жүрсе де, қазақтың қамын ойлайды. Рамазан шатыры - Ресей мүфтилер кеңесі мен Мәскеу үкіметі бірлесіп қолға алған жоба. Осы айдың соңына дейін, бұл жерге барлығы 15 мыңнан аса адам келіп ауыз ашады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




