Жаһан
Бүгін Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны ұшырылады
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2014
- 874
Бүгін Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны ұшырылады
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Метеор -М» нөмір 2-ші спутнигімен, ресейлік және шетелдік ғарыш аппараттарының алты кластерімен «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылады.
«Ұшыру 8 шілдеге Мәскеу уақытымен 19.58-ге белгіленген, бас блоктың бөлінуі Мәскеу уақытымен 20.07-ге жоспарланған», - деді Федералдық ғарыш агенттігінен.
«Союз» зымыраны «Фрегат» екпін беру блогымен орбитаға ресейлік нөмірі 2-ші «Метеор» Жерді қашықтан зондтау спутнигін, сондай-ақ, «Рэлек», DX1, TecDemoSat-1, SkySat-2, UCube-1, AISat-2 алты шағын ғарыштық аппаратты шығарады.
«Метеор-М» 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған.
Метеор-М» нөмірі 2-ші спутнигін ұшыру 2013 жылға белгіленген болатын, одан кейін осы жылғы 28 маусымға ысырылды, алайда ақыры Лавочкин атындағы НӨБ өндірісінің «Фрегат» екпін беру блогында пайда болған техникалық проблемаларға байланысты 8 шілдеге ауыстырылды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




