«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Балалар бақыты – бәрінен маңызды

Балалар бақыты – бәрінен маңызды
ашық дереккөз
Балалар бақыты – бәрінен маңызды

Мереке сайын балаларға қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырған нұротандықтар Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында «20 қайырымды іс» жасауға бел буып отыр. Бұл – алдыңғы толқынның жас буынға көрсетер қамқорлықтарының бірі.

Қазірдің өзінде көшбасшы партияның игі бастамасы аумақтардағы филиалдарда қызу қолдау табуда. Аталмыш акция аясында партияның облыстық филиалы өкілдері облыстық балалар ауруханасында барып, емделуші балалар жайын біліп қайтты. – «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, Елорданың 20 жылдығына орай балаларға қуаныш сыйлау үшін нұротандықтар қайырымдылық акциясын өткізіп отыр. Қазіргі уақытта аурухананың жан сақтау бөлімінде 7 бала ауыр халде жатыр. Баласының денсаулығына, жастайынан отаға іліккен балғындардың жағдайына алаң болатын ата-аналар қаншама?! Біз әртүрлі диагнозбен аурухана төсегіне таңылған бұл балалардың тез сауығып кеткенін тілейміз, – дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев. Аталмыш ауруханада қазір 200-ге тарта бала ем алып жатыр. Аурухананың бас дәрігері Марат Рабандияровтың айтуынша, мұнда күніне шамамен 20-25 балаға ота жасалады. Білікті дәрігерлер жұмыс істейтін емдеу мекемесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келіп ем алатындар да бар. Бір жарым жыл бұрын өңешіне кеңейту жолдары арқылы ота жасатқан 3 жасар Шәкәрім тәжірибелі мамандар арқасында дертінен айығып келеді. Ата-анасы мен дәрігерлер жіті бақылауына алған бүлдіршінге Мұратхан Жүнісәліұлы сыйлық тарту етті. Жан жарасын жазатын қайырымдылық шарасы арқылы партиялықтар ауруханадағы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, театрланған қойылымдар мен белгілі сиқыршы Талап Таубектің концерттік бағдарламасын ұсынды. Жұртты ізгі шараға жұмылуға шақырған «20 қайырымды іс» акциясы жұма күні облыстық қазақ драма театрында жалғасын тапты. Театр фойесіндегі көрмеге мүмкіндігі шектеулі болғанымен, талабы шексіз бүлдіршіндердің қолынан туған туындылар қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Дарина Әлімқұлова, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар