«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сарысу тұз кені тиімді пайдаланылады

Сарысу тұз кені тиімді пайдаланылады
ашық дереккөз
Сарысу тұз кені тиімді пайдаланылады

Өңірімізде «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» республикалық акциясы аясында жаңа өндіріс іске қосылады. Сарысу ауданында ас тұзын өндіретін және өңдейтін «Асыл тұз» компаниясы» ЖШС-ның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жоба құрылысының құны 710 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 50 мың тонна. Өңірде зауыттың ашылуымен 75 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаевтың айтуынша, әр жаңа өндірістің іске қосылғаны өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер етеді. – Біздің ауданда фосфор өндіретін екі ірі зауыт бар. Тұз шығаратын тағы бір зауыт ашылды. Бұл – өңір үшін жақсы көрсеткіш. Тұрғындар жұмыспен қамтылады. Салық қазынасы толығады. Әлеуметтік жағдай жақсарады, – деп атап өтті Балабек Нарбаев. Цех басшысы Жандос Шұғаевтың айтуынша, зауытта барлығы автоматтандырылған. Жұмысты жеңілдете түсу үшін Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылыпты. Өндіріс орынының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар. Бүгінде тұзды Жамбыл облысынан бөлек, Қарағанды, көрші Қырғыз Республикасына экспорттап жатыр. Зауытқа жақын арада аудандық әкімдік тарапынан темір жол тұйығын салуға, электр жарығымен қамтуға көмек көрсетілмек. Қазіргі кезде 200 шақырым қашықтағы Жайлаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан серіктестік, алдағы уақытта жақын жерлердегі тұз кендерін барлау, игеру жұмыстарын бастамақшы. Шикізат көбейсе, зауыттың да өндіріс қуаты артады дейді жауаптылар. Айта кетейік, Астананың 20 жылдығына орай Жамбыл облысында пайда болатын 20 нысанның ішінде сегіз балабақша, төрт спорттық-сауықтыру кешені, «Burnoye Solar-2» ЖШС күн электр стансасының екінші кезегі, ас тұзын өндіретін және өңдейтін зауыт, ауылдық тарихи музей, дәрігерлік амбулатория, ауыл шаруашылығы кооперативі, жаңа 70 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй бар.

Ұқсас жаңалықтар