Елорда халқы мен қонақтары Астананың туған күнін тойлады
Астананың 16 жылдығы кеңінен тойланды. Мерекені атап өтуге ауыл-аймақ, өзге өңірлерден келген ағайында есеп жоқ.
Бұл күні елорданың әр жерінде әралуан шаралар өткізілді. Қай жаққа бас сұқсаң да, мерекелік думанға тап боласың. Атап айтқанда, «Хан шатыр» маңында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпенділер фестивалі қанат жайды, «Астана Шаттық» автокеруені қала маңындағы кенттерді аралап, шеттегі халықты мерекеден шет қалдырмады. Ал тамаққа талғампаз жандар үшін аспаздар фестивалі өтті. Жалындаған жастар «International Street Dance Session in Astana» атты көше биі фестивалін тамашалап, бір серпіліп қалды. Міне, осы сынды мерекелік шаралар қаланың шырайын келтірді.
Қалалық саябақтарда да серуен құрғандар көп. Елорданың 4 ірі паркінде театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, барлық ұлттың мәдениетіне терең бойлауға жағдай жасалды. Одан бөлек қаладағы теарларда жаңа қойылымдардың тұсауы кесіліп, бірқатар концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Жалпы, қала күнін мерекелеу аясындағы іс-шараларға 20 мыңнан астам адам қатысқан.
Салтанатты шаралар «Қазақ Елі» монументінің алдындағы нұршашумен аяқталды. Сөйтіп Астананың түнгі аспанында бір мезетте сан мыңдаған от жағылып, Қазақстанның өзге өңірлеріне отшашумен сәлем жолдағандай болды!


Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




