2008 ЖЫЛ
= 21 ақпан – Астана көшелері мен даңғылдарына жаңадан атау беру, қайта атау немесе біріктіріп атау туралы шешім қабылданды. Осыған орай, Кеңес дәуірінен қалған тоталитарлық атаулар өзгертіліп, жаңадан бой көтерген аудандар мен көшелерге 309 жаңаша атаулар берілді.
= 16 сәуір – Бішкек-Астана-Бішкек бағытындағы әуе жолы ашылды.
= 6 мамыр – Президент Жарлығымен Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне Қазақстан астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталатын «Астананың 10 жылдығы» медалі тағайындалды. Бұл наградаға алғашқылардың қатарында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері ие болды.
= 25 маусым – «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңына толықтыру енгізіліп, «6 шілде – Астана күні» болып бекітілді.
= 1 шілде – елордада Республикалық диагностикалық орталық ашылды. Бір мезгілде 500 адамға қызмет көрсете алатын медициналық нысанда шетелдерде білім алған 230-дан астам қызметкер жұмыс істей бастады.
= 1 шілде – Астана қаласындағы Ақбұлақ арнасының бойына Жамбыл ескерткіші қойылды. Тастұғырдың биіктігі – 11 метр.
= 2 шілде – Президент Н.Назарбаев Ақорда мен Бейбітшілік және келісім сарайының ортасынан орын тепкен Президенттік саябақтың ашылуына қатысты.
= 2 шілде – Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Тоқпанов көшесі қиылысында Бауыржан Момышұлының ескерткіші ашылды.
= 3 шілде – Жеңіс даңғылы мен Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысынан «Әлия» мемориалдық кешені ашылды.
= 24 шілде – Елбасы тапсырмасымен Үкімет «Есіл» атты жаңа ауданның құрылғаны туралы шешім шығарды.
= 30 шілде – Астана-Щучинск автобаны іске қосылды. Автожол ұзындығы – 224 шақырым.
= 9 тамыз – Кәсіпкер Сапар Ысқақов бастаған саяхатшылар Арктикаға Астананың туын тікті.
= 29 тамыз – Астанада «Appie City Food» ет өңдеу зауыты іске қосылды. Күніне 15 тонна ет өндіре алатын бұл зауыт Еуропалық одақ стандарттарына сай өнім өндіре бастады.
2011 ЖЫЛ
=8 ақпан – «Астана Арена» стадионында VII қысқы Азия ойындарының салтанатты түрде жабылуы болды. Оған Елбасы қатысты. Бұл спорттық бәйгеде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды.
=5 наурыз – қалалық мәслихаттың депутаттары елорданың 2030 жылға дейінгі бас жоспарына өзгерістер енгізді.
=31 наурыз – Астана «ТМД мен ЕурАзӘҚ-тың үздік қаласы» атты озық тәжірибелерге арналған ІІІ халықаралық байқауда топ жарды. Бұған 81 шаһар қатысқан.
=19 сәуір – Мемлекет басшысы елордалық жаңа опера және балет театрының құрылысын аралап көрді.
=20 мамыр – Сарыарқа ауданындағы Мұса Жәлил көшесі бойынан 700 орындық мешіт бой көтерді.
=4 маусым – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астананың келешектегі дамуы мәселелеріне арналған кеңес өткізді. «Қазақстан» орталық концерт залында өткен кеңесте жаңа архитектуралық жобалар, қаланың коммуналдық шаруашылығын басқарудағы электрондық жүйе, көлік инфрақұрылымын дамыту картасының таныстырылымы болды.
=6 шілде – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен елордада жеңіл рельсті трамвай желісі құрылысының іргетасы қаланып, капсуласы қойылды.
=8 желтоқсан – Елбасы Н.Назарбаев Астанадағы
№1 қалалық аурухананың
жаңадан салынған 500 орындық ғимаратын аралап көрді.
=9 желтоқсан – Мемлекет басшысы елордадағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын алғашқы зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
2012 ЖЫЛ
=15 сәуір – елорда жастары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ауласында Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін тойлады.
=18 сәуір – бас қалада қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы К. Байсейітованың 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті.
=23 мамыр – Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен V Астана экономикалық форумы ашылды. Әлемнің 90 елінен 8 мыңға жуық адам қатысқан айтулы жиында жаһандық деңгейдегі мәселелер талқыланған 55 іс-шара өткізілді.
=24 мамыр – «Астана инвест-2012» III халықаралық инвестициялық форумында отандық және шетелдік корпорациялардың 700 өкілі елордамызды іскерлік хабқа айналдыру мәселесін талқылады.
=2 маусым – Астаналық 6 жасар өнерпаз Бибімариям Омарова Universal Pictures компаниясының «Бақытты балалық шақ» атты жыл сайын өткізетін байқауына қатысып, 6 және 14 жас аралығындағы әншілер аталымында 1-орынды иеленді.
=15 маусым – төр қалада түркі халықтарының «Дала баласыз, бала ойынсыз қалмасын» атты II Халықаралық ұлттық балалар ойындарының фестивалі басталды. Фестиваль «Асық», «Шілдік», «Бестас», «Жетітас», «Тоғызтас», «Ортаға түспек» ұлттық ойындар түрлері бойынша өтті.
=12 қазан – Еуразиялық Медиа форумның 10-шы мерейлі жиыны алғаш рет Астанада ұйымдастырылды. Алматыдан қоныс аударған форум бұдан былай елордадағы «Қазмедиа» телерадиокешені ғимаратында өткізіледі.
=22 қараша – Астаналық кардиохирург Юрий Пя «Алтын адам-2012» сыйлығына ие болды.
=26 қараша – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында тірі туыстардан донор ретінде алынған 4, 10 және 27 жастағы үш баланың бүйрегі ауыстырылды.
=1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні алғаш рет тойланды. Мереке барысында күллі қазақстандықтар өздерінің Елбасына, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше құрметін білдірді. Айтулы оқиғаға байланысты айрықша салтанат Астанада басталып, республиканың барлық аймақтарында көрініс тапты.
=6 желтоқсан – Астана арнайы экономикалық аймағында электровоз құрастыратын зауыт салтанатты түрде ашылып, KZ8A сериялы алғашқы электровоздың тұсауы кесілді.
=7 желтоқсан – ҚР Президенті Н. Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына орай Қазақстан халқына үндеу жолдады.
=26 желтоқсан – Астанада күн батареяларын шығаратын зауыт ашылды.