Елбасы туралы замандастары не дейді?
Мақсұт Нәрікбаев, қоғам және мемлекет қайраткері: - Қазіргі Қытайдың басшысы қандай сөз айтты? «Біз Президент Назарбаевтың саяси көрегендігіне таңғаламыз», дейді. Көрдіңіз бе? 92-жылы осы Азия құрлығына байланысты осындай бір қоғамдық құрылымды жасау мәселесін БҰҰ-ның мінберінен Президент Назарбаев ұсынған еді. Ал қазір 20 шақты ел мүше болып отыр, деп Қытайдың бірінші басшысы айтып кетті. Осының өзі меніңше барлығы Елбасымыздың жоғары деңгейде екенінің бірден-бір дәлелі деп есептеймін.
Елге еңбекақы тауып бере алмай отырған кезде, зейнетақысын уақытында төлей алмай жатқан кезде бәленше миллиардты қажет ететін көшіп-қонуды қайтеміз деген сөз болды. Ал бірақ Елбасының көрегендігі сол, осы Астананы экономикалық тұрғыда көтеру арқылы, бүкіл Қазақстанды дамытатын механизмнің бар екендігін біліп отырған. Бір жыл емес, екі жыл емес, үш жылдан кейін бүкіл мемлекетіміздің құрылысы басталды да кетті.
Иә, Астана - қазақтың айбыны. Абыройы. Атақ-даңқы. Ар-ұжданы. Астана әлемдік саясаттың алқасы. Жаһандық үрдістердің арқасы. Астана - он шақты жыл омалып қалған ОБСЕ-нің бойына қан жүгіртіп, Ислам ынтымақтастық ұйымына жан бітірген шаһар. Астана - озық ойдың бастауы. Астана - сарабдал саясаттың көзі, нағыз көшбасшы қаланың өзі. Уәлихан Қалижан, қоғам қайраткері: - Қазір Астана тек қана Орталық Азия мемлекеттері үшін ғана қажет емес, қазір бүкіл Шығыс Азия, Еуропа Қазақстанға назар аударып отыр және Назарбаевпен санасады, Назарбаевпен ақылдасады.
Теңгенің енді шыға бастаған кезі. Өзі қазақ, рухы орыс журналист сұрақ қойды. «Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақта теңге деген сөз жоқ қой. Неғып оны теңге деп жатырсыз. Одан да сол рубль аймағында қала бермейміз бе» деп.Сонда Назарбаев жұлып алғандай: «Әй, айналайын, сенің қазақтың эпостарынан хабарың бар ма?! Сен «Айман-Шолпанды» оқыдың ба? Егер сол «Айман-Шолпанды» оқысаң мынандай жолдар бар емес пе?! «Базарда теңге болсаң, пұл боларсың, Көтекеңнің айтқаны рас болса, қолыма су құятын күң боласың», дейді. Сол бір ауыз сөзбен сол жерде Президент бүкіл мәселені шешіп жіберді. «Нұрсұлтан Назарбаев - жастайынан зерек, ортасынан озық тұратын тұлға. Еңбекке де ерте араласып, елдегі үлкендерге қолқабыс қылудан ешқашан аянбаған. Ең бастысы, ағайынға орман, достыққа қорған, «мені» кем, алды кең азамат», -дейді замандас досы Сәдуақас аға. Сәдуақас Есімбай, Президенттің сыныптас досы: - Досқа деген ниеті өте жоғары болатын. Мен әкем соғыстан келмей, жетім болып өскеннен кейін мен үй салдым. Сол үйге ол Украинадан келіп, балшығын көтеріп, әкесі мен шешесі жәрдемдесіп, маған үй салып берген. Сол үй қазірге дейін бар. Нұрсұлтанның салған үйі дейді. Нұрсұлтан Назарбаев жастығында досына үй салып берсе, есейе келе еңбекқорлығы мен қажыр-қайратының арқасында қазаққа тәуелсіз шаңырақ көтеріп берді.
Айналасындағы алпауыттармен араздаспай-ақ, тәуелсіз елдің шекарасын шегендеді. Жанамын деген жасқа от беріп, шетелде оқытты. Туған елінің тұрмысын түзеп, еңсесін тіктеп, керегесін кең, терезесін өзгелермен тең етті. Бұл Назарбаев төккен тердің біз тілге тиек еткен бір тамшысы ғана.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді