В.Путин: Нұрсұлтан Назарбаев - көреген саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы

В.Путин: Нұрсұлтан Назарбаев - көреген саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы
ашық дереккөз
В.Путин: Нұрсұлтан Назарбаев - көреген саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы
Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.Ресей Президенті өз құттықтауында Н.Ә.Назарбаевтың отандастарының шынайы құрметіне бөленгенін, сондай-ақ, парасатты әрі тәжірибелі саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы ретінде жоғары халықаралық беделге ие екенін атап өткен. В.Путин сонымен бірге, Қазақстан тарихындағы әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саяси жетістіктерге толы тұтас бір кезеңнің Н.Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті. Сонымен бірге, В.Путин Н.Ә.Назарбаевтың Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесіне де тоқталып өткен. Ресей Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы идеясы тарихи мәнге ие деп атап өтті. В. Путин 2015 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын ЕАЭО-ны құру туралы ортақ шешім одаққа кіретін елдердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді. Сөзінің қорытындысында В.В.Путин Қазақстан Президентімен арадағы сенімді, орныққан достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі елдің болашағы үшін бірлескен жұмыстар жалғаса беретініне үмітті екенін жеткізді. Кеше Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы сөйлескен болатын. Онда Ресей Президенті В. Путин Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевты туған күнімен тағы бір мәрте құттықтаған еді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар