«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні тойлануда

Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні тойлануда
ашық дереккөз
Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні тойлануда

Бүгін еліміз тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін тойлап жатыр. Айта кетейік, бұған дейін шілде айының бірінші жексенбісі Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні деп белгіленді.

Мереке қарсаңында Ақорданың баспасөз қызметі жарияланған бейнеүзіндіде Елбасы: «Домбыра – қазақтың жаны. Күй, әуен мен домбыра үнін қырда өскен, мұрнында жусан иісі қалған қазақ қана түсінеді. Себебі бұл – ерекше музыка. Кешкісін келіп, шерте бастағанда, бәрі ұмтылып, есіңе өткен уақыттардан естеліктер келеді. Домбыраны жақсы шерте білетін адамдар ұнайды. Қазақтың халық әндері өте әсерлі, күрделі. Қазақ әнінің әуеніне емес, сөзіне мән беру керек. Сөздің құдыреті бар», – деді.

Ұлттық мереке еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі мәдени шаралармен атап өтіледі. Мысалы, елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында 2 мың домбыра күмбірі бір сәтте күмбірлесе, Ақтөбеде Ахмет Жұбанов атындағы ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Түркістанда 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындайды. Жалпы ел өңірлерінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра party» шарасы, жас күйшілер байқауы, көрмелер, танымдық сағаттар сынды 300-ге жуық шара өтеді деп жоспарланған.

Бас қаламыз Астана мен өңірлерде өтіп жатқан мерекелік шаралар барысын «Хабар 24» арнасында әр сағат сайын тікелей эфирде шығатын жаңалықтардан көре аласыздар.

ақпарат көзі:24.kz

 

Ұқсас жаңалықтар