ҚР Президенті: Астана - он жыл ішінде салынған ХХІ ғасырдағы бірден-бір елорда
- author «Ақ жол»
- 6 шілде, 2014
- 901
Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қабылдауға жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті Астананың іс жүзінде он жыл ішінде салынған ХХІ ғасырдағы бірден-бір елорда екенін атап өтті. – Астананың қалыптасуы халық тағдырымен және мемлекет тәуелсіздігінің жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Біз осы елордада ел тарихының жаңа парағын ашып, болашаққа зор сеніммен қараймыз. Астана мемлекеттілік пен егемендіктің айрықша символына айналды. Осының бәрі біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы баршаға бақ-береке, денсаулық және табыс тіледі. Елбасы сондай-ақ қазіргі заманғы өнер музейінің директоры Н.Шивринаға, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Т.Мұхамеджановқа және «Sembol Insaat» АҚ президенті Ф.Таминджеге «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын тапсырды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




